Жаңалықтар

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Полиция раскрыла адрес пострадавшей от самокатчиков в Астане
Алматы полициясы жұмысы қауырт болмақ / фото: KursivMedia мұрағаты

Алматы полицциясы қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшірілді. Бұл туралы полиция департаменті хабарлаған.

Tengrinews.kz ақпаратына қарағанда, бұл мектептерде соңғы қоңырау өткізуге қатысты.

«Мыңдаған тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Қаладағы 216 оқу орнының қауіпсіздігін қадағалайды» – дейді полиция баспасөз қызметі.

Бұл мақсатқа мыңға жуық полиция қызметкері тартылған.

Балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударылмақ. Мектептер маңындағы көше қозғалысы ережелерінің сақталынуы да бақыланады.

Айта кететін жайт, Алматыда қайтыс болған Ақнәр Гүлістанның ісі полицияның ерекше бақылауына алынды.