
Елена Рыбакина бүгін – 2025 жылғы 24 мамыр күні осы жылы өзінің алғашқы WTA турнирінің финалын өткізеді. Қарсыласы – ресейлік,
Францияның Страсбург қаласында өтетін шешуші матчта ол Людмила Самсоновамен кездеседі.
Кездесу Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.
Жеке кездесулер тарихында Самсонова Рыбакинадан 4:1 есебімен алда тұр.
Алайда олардың соңғы ойыны 2024 жылы Абу-Дабиде өткен хард корттағы жартылай финалда болды, онда Рыбакина 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Матчтың тікелей көрсетілімі турнирдің ресми сайтында немесе Eurosport Player, WTA TV сияқты спорттық стриминг платформаларында көре аласыздар.
Сонымен қатар, матч Eurosport секілді Қазақстандағы жергілікті спорт арналары арқылы да көрсетілмек.
Елена Рыбакинаның қалай өнер көрсететініне өзіңіз куә бола аласыз.
Мұның алдында Елена Рыбакина Франциядағы турнирде жартылай финалға шықты.