Елена Рыбакина жеңімпаз!

Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанды. Басты қарсыласынан басым түсті.
Финалда Рыбакина ресейлік тенисші Людмила Самсонованы 6:1,6:7, 6:1 есебімен ұтты.
Бұл Рыбакованың осы маусымдағы алғашқы ірі жеңісі. Қазақстандық тенисші 2024 жылы турнирді бағындырған. Ол кезде Германияның Штутгарт қаласында бәйге алған.
Елена Рыбакина WTA деңгейінде 9 титулы бар. Мәселен, 2025 жылы Страсбургте, 2024 жылы Брисбен, Абу-Даби, Штутгартта, 2023 жылы Индиан Уэллс, Римде, 2022 жылы Уимблдонда, 2020 жылы Хобартта, 2019 жылы Бухарестте жеңімпаз атанған болатын.
Старсбургте қазақстандық спортшы 142 610 еуро мен 500 рейтинг ұпайын қанжығасына байлады.
Келесі аптада ол Парижде ойын көрсетеді. Оның бірінші айналымдағы қарсыласы аргентиналық Хулия Риера болмақ.
Мұның алдында Еленаның бақ сынайтыны туралы ақпарат берген едік.