
Киев алты сағат бойы бомбаның астында қалды. Ресей Украина астанасына бұрын-соңды болмаған қарқынмен соққы берді.
Lenta ақпаратына қарағанда, бұл қадамға Ресей украиналық дрондар шабуылына қарымта жауап болуы ықтимал. Киевті бомбалауға «Герань» дрондары мен баллистикалық зымырандар қолданылған. Басты нысана Киевтегі «Антонов» зауыты болған. Онда Украинаның қарулы күштеріне арналған дрондар шығарылады.
Киевтің соққыға ұшырағаны туралы украиналық тарап та бейнежазбалар таратты.
Украналық блогер шабуыл кезінде Киевтің әуе қорғанысы сыр берген көрінеді. Дрондарға қарсы ешқандай қарсылық көрсетілмей қалыпты.
Мұның алдында Ресейдің Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин «Киев жасаған шабуылы үшін қатаң қарымта жауап» алатынын мәлімдеген еді.
Мұның алдында Украинада Ресей жағында 20 мың Орталық Азиядан келген мигрант соғысып жүргені туралы хабарлаған едік.