
Люксембургтегі қазақ мейрамханасы отандастарымызды таңырқатты. Оны Қырғызстанда туылған ұлты неміс азамат ашқан.
Мейрамханада қымыз бен ет жей аласыз Бұл туралы баспагер Шыңғыс Мұқан жария етті.
«Люксембургте қазақ мейрамханасы бар екен. Ішіне кіріп барсам, иесі – еуропалық», – деп жазды ол instagram парақшасында.
Мейрамхана иесі Люксембургке Германияның Кельн қаласынан келген. Ол бұл жерде қазақ мейрамханасын ашқан. Ет, манты және басқа да қазақ пен қырғыздардың сүйікті тағамдарын еуропалықтарға ұсынады.
Ұлты неміс. Алатаудың арғы жағында туып-өскен. Қырғыз тілінде еркін сөйлейді. Отыз бес жыл бұрын көшсе де, тілді ұмытпаған. Люксембургтегі қазақ мейрамханасы еуропалықтарға да ұнайды екен.
«Неміс деген суын ішкен құдығына түкірмейтін текті халық екен. 35 жыл бұрын Қырғыздан көшіп кеткен неміс әлге дейін қырғызша сөйлеп, қырғыздың етін аңсайды. Қазақтан кеткен немістер де солай», – деп жазды қазақстандық қонақ.
Қазақстандықтар Германияға көшіп кеткен бұрынғы отандастары туралы жылы лебіз білдірді. Немістердің туған жеріне деген ерекше ықыласы мен іскерлігі сөз болып жатыр.
Жол түссе, Люксембургтегі қазақ мейрамханасына барып түстенетінін айтып жатқан қазақстандықтар аз емес.
Мұның алдында Алматыда ең дәмді мейрамханалар енген алғашқы гастрогид жарық көрген еді.