Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға бала құқығына қатысты қатаң тыйымдарды ескертті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға бала еңбегіне қатысты қатаң тыйымдарды жариялады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға бала еңбегіне қатысты қатаң тыйымдарды жариялады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға бала құқығына қатысты қатаң тыйымдарды жариялады. Бұл – ақпараттандыру шарасы.

Оқу-ағарту министрлігі халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ескерту жасап отыр. Онда Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер көрсетілген.

Ол ережеге сүйенсек, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істеуіне болмайды. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 36 сағат бекітілген.  

Сондай-ақ, бұдан артық уақыт жұмыс істеткізу ережеге бұзуға жатады.

«Жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі және жасөспірімге шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Сондай-ақ жұмыс жасау үшін ата-анаңның рұқсаты мен келісімінің болуы міндетті», – делінген министрліктің ақпаратында.

Еңбек заңына сай, балалар еңбегіне қатысты қатаң тыйымдар бар. Атап айтқанда,  түнгі уақытта – сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін жұмыс істеуге болмайды. Сонымен қатар, қосымша жүктемемен еңбек етуге, сондай-ақ қауіпті әрі зиянды жағдайларда жұмыс жасауға рұқсат етілмейді.

«Ата-анаң да бұл ережелерді білуі тиіс. Себебі, олар сенің құқықтарыңды қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге көмектесе алады», – деп, Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.

Мұның алдында балалардың үй шаруасына көмектескеніне ақы төлеу мәселесі туралы сөз қозғаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз