Мұнай арзандап, алтын қымбаттады: қор нарығына апталық шолу

Жарияланды
Мұнай арзандап, алтын қымбаттады: қор нарығына апталық шолу 
Мұнай арзандап, алтын қымбаттады: қор нарығына апталық шолу / Фото: Shutterstock

Энергия және металлдар

  • Brent Crude бағасы апталық (-0,54%) төмендеп, $64,97 болды. Бұл нарықтағы сұраныстың баяулауынан немесе өндіріс көлемінің артуынан туындауы мүмкін.
  • Алтын бағасы (+5,36%) өсіп, $3 357,5 жетті. Инвесторлар геосаяси белгісіздік кезінде қорғаныш активтерге көшіп жатыр.
  • Bitcoin – (+5,28%) өсіммен $108 880,03 жетті. Цифрлық активтерге сұраныс артып келеді.

 Валюта нарығы

  • USD/KZT бағамы аптаның басында ₸511,11, ал соңында ₸511,45 болды (+0,23%). Бұл теңгенің салыстырмалы түрде тұрақты болғанын көрсетеді.
Қор нарығына апталық шолу 
Қор нарығына апталық шолу / Инфографика: kursiv.media, бильд-редактор Нұрсұлтан Ерболатұлы

Әлемдік қор индекстері

АҚШ:

  • S&P 500 – -2,13%
  • Dow Jones – -1,78%

Апта бойы минус аймағында болған АҚШ нарығы жұма күні де теріс нәтижемен аяқталды.Жұмадағы сессияда индекстер 0,4–0,7% төмендеді.

Бұл ретте нарық сессияның ең төменгі деңгейінен біршама қалпына келіп үлгерді.
Apple акциялары 2%-дан астамға құлдырады. Бұған Дональд Трамптың iPhone құрылғылары АҚШ-та шығарылмаса, 25%-дық баж салығы енгізілетіні туралы мәлімдемесі себеп болды.

Сонымен қатар, Трамп Еуроодақпен сауда келіссөздері нәтижесіз екенін айтып, 1 маусымнан бастап 50% тікелей тариф енгізуді ұсынды. Ақ үй бұл мәлімдемені ресми саясат ретінде қарастырмайтынын хабарлағаннан кейін нарықтағы қысым сәл әлсіреді.
S&P 500, Dow және Nasdaq аптаны 2%-дан астам төмендеумен аяқтады.
Алдағы дүйсенбі – АҚШ-та Мемориал күні, сол себепті биржалар жабық болады.

Азия мен Еуропа нарықтары: тұрақтылық пен белгісіздік арасында

Қытай

Апта барысында Қытай нарығында екі түрлі бағыттағы қозғалыс байқалды.

  • Hang Seng индексі – (+1,51%) өсіп, Гонконгтағы инвесторлардың сенімін арттырды. Бұл, ең алдымен, технологиялық және қаржы секторындағы оптимизммен байланысты.
  • Ал Shanghai Composite  (- 0,09%) ғана төмендеді, яғни нарықта айқын бағыт болмағанын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Қытай инвесторларының көңіл күйі ішкі сұраныс пен экспортқа деген үмітпен сақтық пен үміттің аралығында тұр.

 Ресей

  • МосБиржа индексі – (-2,46%) төмендеді.

Бұл құлдырау энергетика нарығындағы тұрақсыздықпен, сондай-ақ геосаяси тәуекелдердің өсуіменбайланысты.
Рубльдің әлсіреуі де инвесторлардың көңіл-күйіне салмақ түсірді.

Ұлыбритания

  • FTSE 100 индексі аптаны (+0,98%) өсіммен аяқтады.

Бұл өсім энергетика, тау-кен және қаржы секторларындағы акциялар арқасында болды.
Инфляция баяулап, нарықтағы қысым азайғаны байқалды. Бірақ Банк Англияның пайыздық мөлшерлеме саясаты әлі де белгісіздік тудырып отыр.

Қазақстан

  • KASE индексі – (-1,76%)  төмендеді.

Нарықтағы ең үлкен жаңалық – Қазақтелеком акцияларының 41,5%-ға құлдырауы. Бұл тек бір компанияның ғана емес, жалпы нарықтың сеніміне соққы болды.
Инвесторлар күтпеген өзгерістерге сақтықпен қарап отыр. Дегенмен, банк секторы мен кейбір ірі компаниялароң нәтижелер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз