
Энергия және металлдар
- Brent Crude бағасы апталық (-0,54%) төмендеп, $64,97 болды. Бұл нарықтағы сұраныстың баяулауынан немесе өндіріс көлемінің артуынан туындауы мүмкін.
- Алтын бағасы (+5,36%) өсіп, $3 357,5 жетті. Инвесторлар геосаяси белгісіздік кезінде қорғаныш активтерге көшіп жатыр.
- Bitcoin – (+5,28%) өсіммен $108 880,03 жетті. Цифрлық активтерге сұраныс артып келеді.
Валюта нарығы
- USD/KZT бағамы аптаның басында ₸511,11, ал соңында ₸511,45 болды (+0,23%). Бұл теңгенің салыстырмалы түрде тұрақты болғанын көрсетеді.

Әлемдік қор индекстері
АҚШ:
- S&P 500 – -2,13%
- Dow Jones – -1,78%
Апта бойы минус аймағында болған АҚШ нарығы жұма күні де теріс нәтижемен аяқталды.Жұмадағы сессияда индекстер 0,4–0,7% төмендеді.
Бұл ретте нарық сессияның ең төменгі деңгейінен біршама қалпына келіп үлгерді.
Apple акциялары 2%-дан астамға құлдырады. Бұған Дональд Трамптың iPhone құрылғылары АҚШ-та шығарылмаса, 25%-дық баж салығы енгізілетіні туралы мәлімдемесі себеп болды.
Сонымен қатар, Трамп Еуроодақпен сауда келіссөздері нәтижесіз екенін айтып, 1 маусымнан бастап 50% тікелей тариф енгізуді ұсынды. Ақ үй бұл мәлімдемені ресми саясат ретінде қарастырмайтынын хабарлағаннан кейін нарықтағы қысым сәл әлсіреді.
S&P 500, Dow және Nasdaq аптаны 2%-дан астам төмендеумен аяқтады.
Алдағы дүйсенбі – АҚШ-та Мемориал күні, сол себепті биржалар жабық болады.
Азия мен Еуропа нарықтары: тұрақтылық пен белгісіздік арасында
Қытай
Апта барысында Қытай нарығында екі түрлі бағыттағы қозғалыс байқалды.
- Hang Seng индексі – (+1,51%) өсіп, Гонконгтағы инвесторлардың сенімін арттырды. Бұл, ең алдымен, технологиялық және қаржы секторындағы оптимизммен байланысты.
- Ал Shanghai Composite (- 0,09%) ғана төмендеді, яғни нарықта айқын бағыт болмағанын көрсетеді.
Жалпы алғанда, Қытай инвесторларының көңіл күйі ішкі сұраныс пен экспортқа деген үмітпен сақтық пен үміттің аралығында тұр.
Ресей
- МосБиржа индексі – (-2,46%) төмендеді.
Бұл құлдырау энергетика нарығындағы тұрақсыздықпен, сондай-ақ геосаяси тәуекелдердің өсуіменбайланысты.
Рубльдің әлсіреуі де инвесторлардың көңіл-күйіне салмақ түсірді.
Ұлыбритания
- FTSE 100 индексі аптаны (+0,98%) өсіммен аяқтады.
Бұл өсім энергетика, тау-кен және қаржы секторларындағы акциялар арқасында болды.
Инфляция баяулап, нарықтағы қысым азайғаны байқалды. Бірақ Банк Англияның пайыздық мөлшерлеме саясаты әлі де белгісіздік тудырып отыр.
Қазақстан
- KASE индексі – (-1,76%) төмендеді.
Нарықтағы ең үлкен жаңалық – Қазақтелеком акцияларының 41,5%-ға құлдырауы. Бұл тек бір компанияның ғана емес, жалпы нарықтың сеніміне соққы болды.
Инвесторлар күтпеген өзгерістерге сақтықпен қарап отыр. Дегенмен, банк секторы мен кейбір ірі компаниялароң нәтижелер көрсетті.