Lifestyle

X әлеуметтік желісі жұмыс істемей қалды

X әлеуметтік желісі дұрыс жұмыс істемей тұр / фото: x.com
X әлеуметтік желісі дұрыс жұмыс істемей тұр / фото: x.com

X әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) дұрыс жұмыс істемей тұр. Мыңдаған адам сенбі күні сайтқа кіре алмай қалғанын жазды.

Миллиардер Илон Маскқа тиесілі компания әлеуметтік желідегі ақау себебін түсіндірді.

«Мәліметтерді өңдеу орталығында кеше болған ақаудан бері сайт дұрыс жұмыс істемей тұр. Қолданушылардың кейбірі платформаға кіре алмайды, бұған қоса Premium функциясы істемей тұруы мүмкін. Біздің топ мәселені шешу үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Шыдамды болғаныңызға рақмет. Біз сервисті қайта іске қосамыз», – деп ескертті X тобы.

Bloomberg мәліметінше, X сервисінің жұмысында бейсенбі күні де ақау болған. Сол күні желі қолданушылар оған бірнеше сағат бойы кіре алмай қалған.

Tesla мен Starlink қожайыны Илон Маск платформаны 2022 жылы 44 млрд долларға сатып алған. Әлеуметтік желі ол кезде Twitter деп аталған.