Қазақстандықтар автонесие мен тұтынушылық қарыздарды белсенді түрде алып жатыр

I тоқсанның қорытындысы бойынша автонесие пен тұтынушылық қарыздарға сұраныс өсті. Ал ипотекалық және тұтынушылық кепілсіз несиелерге сұраныс төмендеген. Бұл туралы Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаевтың шолуында айтылады.
Автонесиелеудің артуына не әсер етті
Ұлттық банк автонесиелеуге сұраныс ішінара субсидиялайтын автосалондармен арадағы серіктестік негіздегі бағдарламалардың арқасында артқанын айтады. Осының арқасында кредиттік өтінімдер саны 1,4 млн-ға дейін (13%) өскен.
Тұтынушылық қарыздар
Қамтамасыз етілетін тұтынушылық несиеге сұраныстың артуы негізінен жеке банктің сыйақы мөлшерлемесін төмендетуіне және комиссияларды алып тастауына, сондай-ақ бір ірі банктің осы өнімді белсенді ілгерілетуіне байланысты болған. Бас регулятор мұндай қадамға барған банкті атамады. І тоқсандағы түскен өтінімдер саны 50,9 мыңға дейін (25%) өскен.
Ипотеканың төмендеуі
Олжас Кубенбаев ипотекаға сұраныстың төмендеуін көбіне тұрғын үй-жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйлықақының салыстырмалы түрде кеш төленуімен байланыстырады. Осыған орай қарыз алушылар өтініштерін тоқсан соңына қарай бере бастаған.
ІІ тоқсанға болжам
2025 жылдың II тоқсанында банктер ипотекалық қарыздарға сұраныс біршама артып, автокредитке сұраныс едәуір өседі деп күтеді. Бұл ретте, банктердің пікірінше, тұтынушылық қарыздар бойынша (қамтамасыз етілген де, кепілсіз де) сұраныс біршама төмендеуі мүмкін.
Автонесиелеудің тек ілгерілеу көрсететіндейі бар. Бүгінде дилердің бәрі дерлің 4 пайыздық бағдарламаларын ұсынып жатыр. Бұған дейін, Hyundai, Chevrolet, KIA, Chery және Jetour сияқты сатылым лидерлерінің ұсыныстарын сүзіп шыққанбыз.