Тоқаев Алматының жаңа әкімін қабылдады: Сатыбалдының алдына қандай міндет қойылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев Алматының жаңа әкімін қабылдады
Тоқаев Алматының жаңа әкімін қабылдады/Фото: Ақорда сайты

Президент Қ.Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндаған.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Дархан Сатыбалды Алматы әкімі болып 24 мамыр күні тағайындалған. Ол бұның алдында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Дархан Сатыбалды бұл қызметті үш жылдан аса уақыт атқарған Ерболат Досаевты алмастырған.

Сондай-ақ оқыңыз