Трактор мен комбайнды төменгі пайызбен беретін бағдарлама іске қосылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Трактор мен комбайнды төменгі пайызбен беретін бағдарлама іске қосылды
Трактор мен комбайнды төменгі пайызбен беретін бағдарлама іске қосылды/Фото: ҚазАгроҚаржы АҚ

«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 6%-бен беретін лизинг бағдарламаны қайта басталғанын хабарлады.

Компания бұл шара техникалық паркті минималды қаржылық жүктемемен жаңартуға мүдделі шаруаларды қолдауға бағытталғанын атап өтеді.

Бағдарлама отандық өндірілген және құрастырылған өздігінен жүретін техниканы, атап айтқанда тракторлар мен комбайндарды тартымды шарттар бойынша: бастапқы жарнасыз және 10 жылға дейінгі мерзімге лизингке сатып алуды қарастырады.  

«Фермерлер бұл бағдарламаның қайта іске қосылуын күтті. Бағдарламаның негізгі басымдықтары өзгерген жоқ: мөлшерлеме жылдық 6%, кепілдің қажеті жоқ және бірінші лизингтік төлем 0%-ға тең. Бұл дала төсінде тер төгетін шаруаларға нақты қолдау», – деді «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы Айдар Прашев.

Қаржыландыру бір клиент үшін 205 миллион теңгеге дейінгі көлемде және 3 техника бірлігін сатып алуға ұсынылады.

Бағдарламаға қатысу үшін kaz_agro_finance_bot тelegram-ботына өтінім беруге не «ҚазАгроҚаржы» АҚ өңірлік филиалдарына жүгінуге болады. Қосымша ақпарат компанияның www.kaf.kz ресми сайтында көрсетілген.

Бұған дейін Қазақстанның ТОП-10 экспорттық тауары туралы жазғанбыз. Олардың қатарында ауыл шаруашылығы өнімдері де бар.

Сондай-ақ оқыңыз