Автобекетте екі адамның өліміне соқтырған өртке байланысты сот үкімі шықты
Жарияланды

Түркістан облысы Жетісай ауданының сотында жанар-жағармай бекетінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан адам өліміне соқтырған оқиғаға қатысты сот үкімі шықты.
Мән-жайы
Автогаз құятын бекетте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан шыққан өрттен екі адам күйіп, қаза тапқан.
Сот шешімі
Сот өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамай, екі адамның өмірін қиған қылмысқа «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорын кінәлі деп тауып, әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын кескен.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін, Павлодарда бес жасар баланы сүндеттеу кезінде абайсызда қателескен хирург істі болғанын жазғанбыз.