«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционеріне 28,5 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Бәйтерек» холдингі еншілес компаниясынан 28,5 млрд теңге дивиденд алады / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне 28,5 млрд теңгеден астам дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланды.

28,5 млрд теңге – 2024 жылғы таза пайдасының 70 пайызы. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ былтыр 40,7 млрд теңге таза пайда тапқан. Ал қалған 12,2 млрд теңгесі компанияның өзінде қалады.

Жалпы дивиденд сомасы 28 465 461 329 теңге 22 тиынды құрайды. Бұл сома жай акциялар иелеріне үлестіріледі. Бір акцияға шаққандағы төлем мөлшері 1 614 теңге 51 тиын болып белгіленген. Дивиденд 2025 жылдың 31 мамырынан кешікпей төленбек.

Компания былтыр да 2023 жылғы пайдасының 70 пайызын дивиденд ретінде бөлген. Ол кезде 29,3 млрд теңге төленген.

 «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингі. Ол еліміздегі бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторы.

Сондай-ақ оқыңыз