Килиан Мбаппе «Алтын бутсы» иегері атанды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Килиан Мбаппе «Алтын бутсы» иегері атанды / фото: ашық дереккөз

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе 2024/25 маусымда Еуропаның ең үздік сұрмергеніне берілетін «Алтын бутсы» марапатына ие болды. Француз футболшысы Ла Лигадағы алғашқы маусымында бірден 31 гол соғып, тізімнің көшін бастады.

Португалия чемпионатында 39 гол соққан «Спортинг» ойыншысы Виктор Дьёкереш Мбаппеден озды. Алайда Португалия лигасының коэффиценті төмен болғандықтан (1,5), швед футболшысының ұпайы аз болды – 58,5. Ал Мбаппенің 31 голы Испания чемпионатының 2,0 коэффицентімен есептеліп, 62 ұпай жинауына мүмкіндік берді.

Килиан соңғы 20 жылда «Алтын бутсы» алған алғашқы француз болды. Оған дейін бұл марапатты 2004/05 маусымда Тьерри Анри жеңіп алған еді. Сонымен қатар Мбаппе «Реал» сапында бұл жүлдені алған Криштиану Роналдудан (2014/15) кейінгі алғашқы ойыншы болды.

2024/25 маусымының үздік 5 сұрмергені:

  • 1. Килиан Мбаппе («Реал») — 31 гол х 2,0 = 62 ұпай
  • 2. Виктор Дьёкереш («Спортинг») — 39 гол х 1,5 = 58,5 ұпай
  • 3. Мохамед Салах («Ливерпуль») — 29 гол х 2,0 = 58 ұпай
  • 4. Роберт Левандовски («Барселона») — 27 гол х 2,0 = 54 ұпай
  • 5. Гарри Кейн («Бавария») — 26 гол х 2,0 = 52 ұпай

Еске сала кетейік, бұған дейін «Реал Мадрид» сапынан хорватиялық ойыншы Лука Модричтің кеткенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз