Елена Рыбакина Roland Garros турнирінде алғашқы жеңісіне жетті

Жарияланды 26 Мамыр 2025 15:56

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Елена Рыбaкина жеңіске жетті / фото: KursivMedia мұрағаты

Франция ашық чемпионаты – Roland Garros 2025 турниріндегі алғашқы кездесуінде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Рыбакина турнирдің алғашқы кезеңінде аргентиналық теннисші Хулия Риерамен (WTA: 202) кортқа шықты. Бірінші сетте сенімді ойын көрсеткен Елена 6:1 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарсылық танытып 4-6 есебім есепті теңістерді. Алайда тартысты өткен үшінші сетте Рыбакина 6:4 есебімен өз пайдасына шешіп, матчты 2:1 есебімен аяқтады.

Осылайша, Елена Рыбакина келесі айналымға жолдама алды. Келесі кезеңдегі қарсыласы америкалық Ива Йович әлемдік рейтингте 129 орынды алып отыр.

Бұған дейін, Рыбакина Франциядағы Страсбург WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз