
Испаниялық маман Хаби Алонсо «Реал Мадрид» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
43 жастағы бапкермен келісімшарт үш жыл мерзімге жасалған. Алонсо бұл қызметте Карло Анчелоттиді алмастырды. Айта кетейік, Анчелотти алдағы уақытта Бразилия құрамасының тізгінін ұстайды.
Алонсо ойыншы ретінде «Реалдың» құрамында 2009–2014 жылдар аралығында өнер көрсетіп, командамен бірге Чемпиондар лигасын, Испания чемпионатын, сондай-ақ екі мәрте ел Кубогын жеңіп алған.
Бапкерлік мансабында 2022 жылы Германияның «Байер Леверкузен» клубын тізгіндеп, командасын тарихи жетістіктерге жеткізді: клуб Германия чемпионатының, Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Реал Мадрид» футбол клубына жұмысқа тұрған қазақ қызы туралы жазған едік.