«Сүлейман Сұлтан» – Халит Ергенч неге сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Халит Ергенч іздеуде жүрген сотталушыны білмейтінін айтқан / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Халит Ергенч іздеуде жүрген сотталушыны білмейтінін айтқан / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Ғажайып ғасыр» телехикасында Сүлейман Сұлтан рөлім сомдаған Халит Ергенч 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылды.

ВВС мәліметіне қарағанда, танымал актер 2013 жылы жалған куәлік берді деген айып тағылып отыр. Бұл іс Гези паркінде ағаштарды отауға қарсы наразылық шеруі қатысты.

Кастинг менеджер  Айше Барим шеруді ұйымдастырушының бірі деп танылып отыр.  Түрік билігі бұл шеруді «мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылу» деп бағалаған.

Халит Ергенч іздеуде жүрген сотталушы Мехмет Али Аллабораны білмейтінін айтқан.

Түркия соты оған 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда сот барысындағы тәртібіне қарай жазаны 1 жыл 10 ай 15 күнге дейін қысқартқан.

Алайда сот бұрын сотталмағанан ескеріп, үкімді жариялауды кейінге қалдырған. Әзірге ол бостандықта болады. Бірақ түрмеге кез келген уақытта қамауы ғажап емес.

Мұның алдында түріктің танымал сериалы – «Ғажайып ғасырда» Сүлейман сұлтанның рөлінде ойнаған актер Халит Ергенчтің жалған куәлік берді деген айыппен тергеуге алынғаны туралы жазған едік.

Түркияның бірқатар мәдениет қайраткерлері Айше Баримді тұтқындағаны үшін әлеуметтік желіге пост жазып, билікке сын таққан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз