Макрон әйелі бетінен неге ұрғанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Макрон әйелінің әрекетін әзіл дегеніне қарамастан, Францияда бұл жайт дүрбелең туғызып отыр / фото: shutterstock
Макрон әйелінің әрекетін әзіл дегеніне қарамастан, Францияда бұл жайт дүрбелең туғызып отыр / фото: shutterstock

Макрон әйелінің неге бетінен «шапалақпен ұрғанын» түсіндірді. Франция президентінің айтуынша, әйелі екеуі жай қылжақтасқан.

АP ақпаратына қарағанда, Францияның бірінші ханымы Брижит Макрон әзілдесіп отырып, итеріп жіберген көрінеді.  

Бұл жайт бейнежазбаға түсіп қалған еді. Екі жұп Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарлап жүр. Ұшақ жерге қонып, түскелі тұрғанда әйелі Макронды екі қолымен бетінен итеріп жіберген. Бұл шапалақпен тартып қалғандай көрініп қалды.

Макрон әйелінің әрекетін әзіл дегеніне қарамастан, Францияда бұл жайт дүрбелең туғызып отыр.

«Біз жай қалжыңдасып тұрдық. Әйеліммен осылай әзілдесемін», – деп жауап берді Макрон. Оның сөзіне қарағанда, кейбіреулер мұны түймедейден түйедей жасап жіберген.

Макрон бұл дау-дамай туралы осылай пікір білдірді.

Айта кететін жайт, Макрон Украинаның капитуляциясымен келіспейтінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз