Қыз алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшырады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазір қыз алып қашып келе жатып, апатқа ұшыраған көлікке қатысты  сотқа дейінгі тергеу басталған / фото: shutterstock
Қазір қыз алып қашып келе жатып, апатқа ұшыраған көлікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған / фото: shutterstock

Қыз алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Алматы облыстық полициясының ақпаратынша, қалыңдық қайтыс болды.

Оқиға Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында болған. Бұл туралы СMN хабарлады.

Аталған жолдың 36 шақырымында қызды алып қашып келе жатқан көлік апатқа ұшыраған.

«Жол көлік оқиғасының кесірінен Mercedes-Benz жолаушыларының бірі қаза болды. Жүргізуші мен тағы да екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Кінәлі жүргізуші ұсталды. Уақытша оқшаулар орнына қамалды», – деп хабарлады жергілікті полиция өкілдері.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.  

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бір топ түлек мінген екі автокөлік соғысып қалған еді. 

Сондай-ақ оқыңыз