Табысты әйелдер қалай күйеулерін жындыханаға түсіреді?

Жарияланды 26 Мамыр 2025 16:16

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Табысты әйелдердің күйеулері жиі опасыздық жасайтыны анықталды / shuterstock
Табысты әйелдердің күйеулері жиі опасыздық жасайтыны анықталды / shuterstock

Табысты әйелдер күйеулерін жындыханаға тыға ма? Ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша, солай екен. Бәріне ақша мен билік кінәлі.

Швеция ғалымдары ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынасты зерделеп, бұл сауалдың жауабын тауыпты. Олар психикалық денсаулыққа қойылған диагноздарды зерттеген. Зерттеу барысында 10 жыл ішіндегі табыс деректері де қарастырылған.

Психикалық денсаулық неге сыр береді?

Зерттеушілер әйелдер ер адамдардан көп табыс таба бастаған кезде, ерлердің психикалық денсаулығы нашарлай бастағанын анықтады.

Жалпы, серіктесі көп табыс таба бастаған барлық адамдардың ішінде (оның ішінде әйелдер де бар) психикалық денсаулығы сыр бергендер 8 пайызға дейін артқан. Ал ер адамдар арасында бұл көрсеткіш тіпті жоғары – 11 пайызға дейін жетіп отыр.

BBC-дің түрік қызметінің хабарлауынша, қазір әйелдердің өз ерлерінен көп табыс табуы жиілеген. Табысты әйел адамның отбасының асыраушысына айналуы – тек жеке қарым-қатынасқа ғана емес, жалпы қоғамдағы күштердің арақатынасына да әсер еткен.

Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі бұзған күйретуші күш болып отыр.

Ақша мен билік мәселесі

«Егер ер адамнан негізгі табыс көзі күтілсе, бірақ ол сол рөлді атқармаса, өзін дәрменсіз сезінуі мүмкін. Бұл жағдай психикалық денсаулыққа кері әсер етіп, тіпті ажырасу ықтималдығын арттырады», – деп жазады BBC.

Еркектердің өзін-өзі бағалауына ақша мен билік өте көп ықпал етеді. Ер адамдар жұбайының мансабын қолдауы мүмкін. Бірақ сонда да өзін «нағыз ер адам» ретінде сезінбей қалады. Өйткені, қоғамда ер азаматтың рөлі ескі түсінікке байланысты.

Бұл, әсіресе, жұмысынан айырылған немесе көшіп-қонуға байланысты үйде қалуға мәжбүр болған әкелер үшін тым ауыр.

«Үйде отырсам, әйелге ұқсатады»

 «Әйелің барлық табысты өзі тауып жүргенде, бұл сенің намысыңа аздап тиеді», – дейді Дэйв. Ол бүкіл уақытын үйде өткізіп, балаларға қарайды.

«Мен классикалық ер адаммын, білесіз бе? Адамдарға үйде отырамын десең, олар сені, біртүрлі, әйелге ұқсатады», – дейді Том.

Екі кейіпкер де табысты әйелдер рөлінің отбасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні туралы зерттеуге қатысқан.

Зерттеудің тағы бір қатысушысы Брендон отбасында «үй қызметшісі» деген атауға ие болып, соның кесірінен күйзеліске түскен.

Табысты әйелдердің көзіне жиі шөп салынады

Зерттеу барысында ер адамдар қоғамда осындай көзқарас қалыптасқанын айтты. Өйткені, ұзақ уақыт бойы негізгі асыраушы – ер адам деп саналып келді.

Әйелдер көп табыс таба бастаған жұптарда ер адамдардың психикалық денсаулығы нашарлап, жұптардың екеуара қарым-қатынасында наразылық туа бастайды.

Басқа зерттеулерге қарағанда, табысты әйелдер мәнсабына көп көңіл бөлгендіктен, күйеулері  жиі опасыздық жасайтыны анықталды. Зерттеушілер бұл құбылысты ер адамдардың қауіп төнген еркектік мәртебесін қайта қалпына келтіруге ұмтылуымен байланыстырады.

Ерлер арасында депрессия деңгейі жоғары

Сондай-ақ, қоғамда «ер адам отбасы асыраушысы болуы керек» деген қысым да бар. Бұл да ерлердің психикалық денсаулығына кері әсер етеді.

Жұмыссыз ер адамдардың арасында депрессия деңгейі жұмыссыз әйелдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Айта кететін жайт, психолог Лимана Құттыбекқызы қазақтың жұлдыздардан құралған отбасы сырын талдап берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз