Еуроодақ ресейлік 20 банкті SWIFT-тен ажыратып, мұнай бағасын құлатпақшы

Еуроодақ Ресейге қарсы тағы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр. Оның аясында жиырмаға жуық ресейлік банкті халықаралық SWIFT жүйесінен ажыратып, мұнай бағасын арзандатпақшы. Бұл туралы дереккөздеріне сілтеме жасаған Bloomberg жазады.
Еуроодақ осы жолғы шектеулерді барынша қатаңдатпақшы. Шектеулер банк және мұнай секторына қатысты. Ресейлік 20 банкті халықаралық жүйеден алып тастап, шамамен 2,5 млрд еуроға дейін сауда шектеуін салуды көздеп отыр.
«Солтүстік ағын» газ құбырын пайдалануға тыйым салмақ және ресейлік мұнай бағасын арзандатуды көздеп отыр. Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, Еуроодақ «Үлкен жетілікке» ресейлік қара алтын бағасын 60 доллардан 45 долларға дейін төмендетуді ұсынады.
Бұл санкциялар мақсаты – Украинадағы соғысты тезірек аяқтау үшін барынша Мәскеуге қысым көрсету.
Осыған дейін Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы 17-санкциялар пакетін бекітіп, «көлеңкелі флотқа» қатысы бар деген 200 кемеге шектеу енгізген. Ал Ұлыбритания ресейлік 20 жеке тұлға мен 62 компанияны қара тізімге кіргізді. Олардың ішінде қаржы ұйымдары, соның ішінде Санкт-Петербург валюта биржасы мен Ресейдің мемлекеттік Депозиттерді сақтандыру агенттігі бар.