
Home Credit Bank акционерлері 2024 жылғы таза табысын бөлмеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
Home Credit Bank акционерлерінің 2025 жылғы 22 мамырда өткен жылдық жалпы жиналысында бірқатар шешім қабылданды. Оның ішінде:
- Банктің 2024 жылға арналған аудиттен өткен қаржылық есептілігі бекітілді;
- 2024 жылғы таза табыс, 35,4 млрд теңгені, акционерлер арасында бөлмеу туралы шешім қабылданды.
Акционерлер шешімімен аталған сома «Алдыңғы жылдар бөлінбеген пайдасы» шотына жіберілген.
Осыған дейін БАҚ-та Home Credit Bank-тің ForteBank-ке сатылатыны туралы ақпарат шыққан еді. Бірақ қаржы ұйымы бұл ақпаратты жоққа шығарды.