Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ҚФФ атқарушы комитетіне енді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Михаил Ломтадзе / Фото: Kaspi.kz

Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің құрамына енді. Жаңа құрам тізімі федерация сайтында жазылған.

Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) кезектен тыс XXVIII конференциясында бекітілді. Тізімде мемлекеттік құрылым, ірі бизнес қатысушылары да бар.

ҚФФ атқарушы комитетінің жаңа мүшелері:

  • Асет Ирғалиев – Ұлттық экономика министрлігінің экс-басшысы, 2025 жылдың ақпанынан бері Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
  • Гаджи Гаджиев – кәсіпкер, 2017 жылдан бері – «SA Construction Group» ЖШС бас директоры, 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының президенті, 2025 жылғы сәуірден бері Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті.
  • Нұрсұлтан Құрманов – журналист, спорт менеджері, ҚФФ президентінің кеңесшісі
  • Нуну Каштру – португалиялық маман, Қазақстан футбол федерациясының төрешілер мен инспекторлар департаментінің директоры.
  • Вахид Масудов – кеңестік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазақстан құрамасында ойнаған. Әр жылдары «Қайрат», «Тараз», «Шахтер», «Шығыс», «Ақтөбе», «Жетісу», «Локомотив» (Астана), «Атырау» және «Ордабасы» клубтарын жаттықтырған.
  • Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz технологиялық компаниясының басқарма төрағасы, сондай-ақ «Колёса», «Крыша» және «Маркет» компанияларының акционері әрі бақылау кеңесінің төрағасы. 2021 жылдан бастап Forbes-тің жаһандық миллиардерлер тізіміне енген, 2025 жылы 5,9 млрд долларлық байлығымен 597-орында тұр.

Аталған тұлғалардан бөлек «Оқжетпес» ӘФК бас жаттықтырушысы, Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының ассистенті Қырғызбек Бегайым, кәсіпкерлер Тимур Турлов пен Қайрат Боранбаев бар.

Сондай-ақ оқыңыз