
Вьетнамдық VietJet Aviation компаниясы Airbus-тан 20 кеңфюзеляжды ұшақ сатып алмақшы. Франция президенті Эмманюэль Макрон Ханойға сапары кезінде мәмілеге қол қойылған. Бұл жайлы Reuters жазады.
Әрбір ұшақ құны 374 млн доллар тұрады, тапсырыстың жалпы сомасы жеңілдікпен 7,5 млрд долларды құрайды. Өткен жылы VietJet Airbus-тан дәл осы модельдің 20 данасын алған еді. Қазір компания паркингінде Airbus-тың 115 әуе көлігі бар.
Vietjet Air лоукостері вьетнамдық SOVICO Group холдингінің құрамына кіреді. Бұл холдинг былтыр «Самұрық -Қазынадан» қарызға батқан Qazaq Air компаниясын сатып алды. Мәміле құны – 2 млрд теңге. Енді елден бір әуежай сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Осы жылы мамырда Vietjet Air мен Qazaq Air стратегиялық келісімге қол қойып, VietJet Kazakhstan атты жаңа компания құрды. Оның әуе паркінде 20 Boeing 737 ұшағы болады.