«Қазхром» акционерлері биржадан компания акциясын алып тастамақшы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі

«Қазхром» трансұлттық компаниясының акционерлері кезекті жиында кәсіпорынның ерікті делистингі мәселесін талқыламақшы. Бұл жайлы Қазақстан қор биржасы сайтында жазылған.

«Акционерлер жиналысын 2025 жылғы 23 маусымда өткізу жоспарланған. Егер алғашқы жиналыс өтпей қалса, акционерлердің қайталама жиналысы 24 маусымда өткізіледі», – деп жазылған хабарламада.

«Қазхром» трансұлттық компаниясы 1995 жылдың қазан айында құрылған және Люксембургте тіркелген Eurasian Resources Group (ERG) құрылымына кіреді. Компанияның түпкілікті бас компаниясы – Дубайдың еркін экономикалық аймағында тіркелген KCR METALS-FZCO.

«Қазхромның» негізгі активтері Қазақстанда орналасқан. Компания әлемдегі ең ірі кен өндіруші және металлургиялық кәсіпорындардың қатарына кіреді. Оның құрамында Дон кен байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Қазмарганец» руднигі бар.

Делистинг деген не?

Делистинг – компанияның биржадан акцияларын алып тастау процесі. Яғни құнды қағаздар нарықта сатылмайды деген сөз. Олар компания меншігіне қайта өтеді.

Осыған дейін Нұрлан Смағұловқа тиесілі Mega Center Management  делистинг жасағанын жариялаған еді. Компания мұны болашақ жоспарларымен байланысты деп түсіндірді.

Компанияның ұзақ мерзімді жоспарында жаңа инвесторлар тартуды және IPO-ға шығу деген мақсат жоқ. Себебі өзінің стратегиялық мақсатын жүзене асыру үшін қаржылай және операциялық ресурсы жеткілікті. Осыны ескере отырып, «Mega Center Management» АҚ биржа тізімнен компания акцияларынан алып тастауға шешім қабылдады», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз