BYD автокөліктерінің 35%-ға арзандауы қаржы нарығына әсер етті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
BYD автогиганты тауар бағасын түсірген соң акциялар құнсызданды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
BYD автогиганты тауар бағасын түсірген соң акциялар құнсызданды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

26 мамыр, дүйсенбіде Гонконг қор биржасында Қытай электромобиль өндірушілер акциясы құнсызданды. Себебі өткен аптада BYD автогиганты өнімдерінің бағасын 35%-ға түсірген.

Bloomberg мәліметінше, ең табысты қытай автокомпаниясының бағалы қағаздары 8,6%-ға арзандады. Li Auto мен Great Wall Motor акциялары 4-5%, ал Geely холдингінің акциялары 9,46%-ға құнсызданды. Себебі инвесторлар автоөндіріс саласындағы бәсекенің күшеюіне алаңдап отыр.

BYD автогиганты 2025 жылғы маусымның аяғына дейін 22 автомобилінің бағасын түсіруді жоспарлап отыр. Мәселен, Seagull 20%, ал Seal гибрид седаны бірден 34%-ға арзандайды. Сөйтіп екеуінің де құны теңеседі – 7 745 доллар.

Кейінгі бірнеше айда автокомпания қоймаларын ескі модельдерден тазартуға тырысып жатыр. Енді жүргізушіге жаңа көмек функциясы жоқ көліктер де ескі деп саналады. Өйткені автогигант өнімдерінің бәріне, ең арзандарына да автономды басқару жүйесін енгізуді көздеп отыр.

Қытайда басқа да компаниялар жеңілдік ұсынып отырғанына қарамастан, өткен айда сауда орталықтарында электрокар қоры 3,5 миллионға жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз