Қазақстан мен Қытай жаңа темір жол дәлізін ашу мәселесін талқылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Астана мен Бейжің жаңа темір жол дәлізін ашуды көздейді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Астана мен Бейжің жаңа темір жол дәлізін ашуды көздейді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Батыс Қытайдың ең ірі – Western Expo (Сибо) көрмесінде алғаш рет қазақ павильоны ашылды. Делегацияны сауда министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Чэнду қаласындағы келіссөздерде Қазақстан мен Қытай арасында жаңа темір жол дәлізін ашу мәселесі талқыланды.

Министрлік мәліметінше, Шаққалиев Сычуань провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Сяохуэймен кездесті. Олар сауда, «жасыл» логистика, жаңа темір жол дәлізін іске қосу мәселелерін талқылады.

«Қазақстан біз үшін сыртқы әлемге шығу, халықаралық бәсекені күшейту, Сычуаньді стратегиялық хабқа айналдыру ісіндегі маңызды әріптестеріміздің бірі», – дейді қытай топ-менеджері.

Қазір Қытайдан Еуропаға жөнелтілетін жүктердің 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Жақында бір жылда тауар өткізу қабілетін 50 млн тоннаға дейін жеткізетін үшінші бір теміржол дәлізін іске қосу жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Қытай арасында халықаралық сауда мен жүк тасымалы үшін маңызды бірнеше темір жол желісі бар. Олар Алтынкөл-Қорғас және Достық-Алашанькоу шекара бекеттері арқылы өтеді.

2023 жылдың аяғында екі ел арасында жаңа желі – Бақты-Аягөз құрылысы басталды. 272 шақырымдық жол 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сол кезде қазақ-қытай жүк тасымалының көрсеткіші едәуір ұлғаяды.

Қазақстанда қытай капиталының қатысуымен 5 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істейді. Тағы 220-дан аса инвестициялық жоба бар.

2025 – Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин былтыр осылай деп жариялаған. Елдегі қытай туристерінің саны 2019 жылдан бері 9 есе артты

Сондай-ақ оқыңыз