Lifestyle

АҚШ хоккейшілері 92 жылда алғаш рет әлем чемпионы атанды

АҚШ хоккей құрамасы 1933 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында жеңіске жетті / фото: REUTERS
АҚШ хоккей құрамасы 1933 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатында жеңіске жетті / фото: REUTERS

Құрама Штаттар құрамасы хоккейден әлем чемпионатының финалында 1:0 есебімен Швейцарияны жеңді. Осылайша америкалық хоккейшілер кейінгі 92 жылда алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Швеция мен Данияда өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы овертаймда анықталды. Швейцариялық хоккейшілер осымен қатарынан екінші мәрте финалда жеңіліп отыр.

Кейінгі жылдары жақсы ойнап жүрген Швейцария ешқашан әлем чемпионы болған емес. Ал америкалықтар біріншілік алтынын соңғы мәрте 1933 жылы алған. 1960 жылы АҚШ Олимпиада ойындарында жеңіске жетіп, оны әлем чемпионы деп те таныды. АҚШ құрамасы біріншіліктің күмісін де соңғы рет 1950 жылы жеңіп алған.

Қола жүлде үшін Швеция мен Дания таласты. Шведтер 6:2 есебімен басым түсті.

Әлем чемпионатында бір матчта ғана жеңіп, алты кездесуде жеңілген Қазақстан құрамасы бірінші дивизионға түсіп қалды.