
BMW концерні Италиядағы Комо көлінде өтетін жыл сайынғы дизайн көрмесінде жаңа концептуалды моделін таныстырды. Жаңа үлгі Speedtop деп аталып, үш есікті универсал стиліндегі кузовқа ие болды.
Бұл өткен жылғы Skytop моделінің жалғасы іспетті. Алайда былтыр концерн өндірісті бастау туралы шешімге біршама уақыт жұмсаған болса, Speedtop жағдайында болашақ жоспарлар бірден жария етілді. Компания бұл модельді баварлық универсалдардың дизайнерлік квинтэссенциясы деп атайды, дегенмен ол бар болғаны үш есікпен шектелген.

2024 жылғы жобамен Speedtop моделін түбегейлі ұқсас төменгі кузов бөлігі біріктіреді: концепт Skytop-тағыдай жарық техникасымен, радиатор торымен, ойық капотпен және артқы аркасынан байқауға болады.
Speedtop үшін арнайы әзірленген төбесі капоттағыдай ойықтармен ерекшеленеді. Қатты үсті артқы бүйірлік әйнектерді жасауға мүмкіндік берді, бірақ олар жолаушыға арналмаған, өйткені концептіде артқы диван мүлде жоқ. Оның орнына жүк сөмкелері үшін арнайы екі бөлік жасалған, ал бұл сөмкелер жиынтығы модельмен бірге ұсынылады. Үш есікті автокөлікте екі деңгейлі толыққанды жүксалғыш та бар. Сондай-ақ, арнайы әзірленген 14 спицалы дөңгелек дискімен ерекшеленеді.

Салоны мен жүксалғыш бөлігі ең қымбат материалдарымен әрленген: шанағының түсімен үйлесетін қоңыр және крем түстері пайдаланылған. 2024 жылғыдай, салонының архитектурасы өзгеріссіз қалған — концепттің ішкі кеңістігі толығымен BMW 8 сериясының сериялық моделінен алынған.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, сол модельден қозғалтқыш та алынған. BMW универсалдың күштік агрегатын нақты атамаса да, портфельдегі ең қуатты V8 деп мәлімдейді. Бұл 625 ат күшін және 750 Нм айналу моментін беретін M8 Competition моделіндегі 4,4 литрлік V8 қозғалтқышы болуы әбден мүмкін.

BMW Speedtop-тың барлығы 70 данасын жасап шығармақ, тапсырыс қабылдау қазірдің өзінде басталды. Бағасы ресми айтылмағанымен, кей деректерге сүйенсек, 500 мың еуродан асады.