АвтоВАЗ жаңа Granta нұсқасын көрсетті — бұл модель бұрын-соңды сатылмаған

Жарияланды 26 Мамыр 2025 19:01

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: АвтоВАЗ

АвтоВАЗ Тольяттиде жаңа кросс-лифтбек Lada Granta Active Cross моделін таныстырды. Көлік «Мерейтойлық пикник» іс-шарасы аясында алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Автокөлік «Granta»  үшін жаңа саналатын қызыл металлик «Фламенко» түсінде ұсынылды.

Кросс-универсал секілді спорттық стильдегі бұл нұсқа базалық модельден бірнеше өзгерістерімен ерекшеленеді: жерге дейінгі клиренс 180 мм-ден 198 мм-ге дейін ұлғайған, айналасына боялмаған пластиктен жасалған қорғаныс жиынтығы орнатылған, ал геометриялық өтімділікті жақсарту үшін бамперлері сәл өзгертілген.

Фото: АвтоВАЗ

Көрмеге қойылған үлгі зауыттық толық жабдықпен қамтамасыз етілген: орталық құлып, круиз-бақылау, климат-бақылау жүйесі, барлық есіктердегі электрлі терезе көтергіштер, тұманға қарсы шамдар мен артқы терезе тазартқышы бүріккішімен бірге бар.

Фото: АвтоВАЗ

Ресми түрде Granta Active Cross «Гранта» үшін стандартты саналатын 1.6 литрлік бензинді қозғалтқышпен жабдықталатыны расталды.

Модельдің екі жабдықталу нұсқасы болады:

Comfort — 8 клапанды, 90 ат күші бар қозғалтқышпен;

Enjoy — 16 клапанды, 106 ат күшіне ие қозғалтқышпен.

Фото: АвтоВАЗ

Екі нұсқада да бес сатылы механикалық беріліс қорабы орнатылады. Бағасы шілде айына жоспарланған сатылым басталар тұста жарияланады.

Осыған дейін компания Lada Granta автокөліктер тобы жаңа модификациямен – Active Cross лифтбэгімен толығатынын мәлім еткен еді. Алайда ол уақытта сатылымға шығу мерзімі белгісіз еді.

Сондай-ақ, АвтоВАЗ алғаш рет жұртшылыққа Lada e-Aura электромобилін таныстырған болатын. Бұдан бөлек,  Lada Iskra көлігінің өндірісі де басталды. Әзірге бар болғаны төрт көлік шығарылды: екі седан және екі универсал.  

Сондай-ақ оқыңыз