Астана әкімдігі түлектерге 550 грант бөледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қала колледждеріне 10 мың грант бөлу қарастырылған / Фото: kursiv.mediа архиві

Астана әкімдігі түлектерге 550 грант бөлмек. Бұл туралы елорда басшысы Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды.

 Қала әкімі  биыл  Астанада 14 мың 200-ден астам түлек мектеп бітіргенін атап өтті.  

«Енді түлектеріміз үшін өмірінде жаңа әрі жауапты кезең басталады – мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау. Өз тарапымыздан біз балаларымызды қолдауды ары қарай да жалғастырамыз: қаланың Білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлу жоспарланып отыр»,– деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, білім басқармасы қала колледждеріне (9 және 11-сынып негізінде) сұранысқа ие 62 мамандық бойынша 10 мың грант қарастырған. 

Жеңіс Қасымбек биылғы оқу жылында  Астанада 24 жаңа мектеп ашылып, рекордтық көрсеткішке жетті деп сендірді.

«Аталған мектептер қалада шамамен 66 мың оқушы орнының (екі ауысымда) ашылуына мүмкіндік берді. 24 мектептің 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылы барысында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз», деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, 2025 жылы техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары болуына байланысты грант саны көбірек болады. Сондай-ақ, елде АЭС салынатындықтан, ядролық-физика саласы бойынша мамандарды дайындау шаралары қарастырылып жатыр.

Еске салайық, биыл грантқа құжат қабылдау 13 шілдеден басталады. Талапкерлер 13 -20 шілде аралығында жүргізіледі. Грантқа ие болғандар тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.  

Сондай-ақ оқыңыз