1 маусымнан бастап күндізгі уақытта жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
1 маусымнан бастап күндіз жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады
1 маусымнан бастап күндіз жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынады/Фото: ҚазАвтоЖол

ҚазАвтоЖол жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады.

Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Шектеу мерзімі:
– елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
– солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер ауа температурасы +25°C жоғары кезде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында төмендегідей аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
– Алматы облысы;
– Атырау облысы;
– Жамбыл облысы;
– Жетісу облысы;
– Ұлытау облысы;
– Қарағанды облысы;
– Қызылорда облысы;
– Түркістан облысы;
– Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
– Абай облысы;
– Ақмола облысы;
– Ақтөбе облысы;
– Шығыс Қазақстан облысы;
– Батыс Қазақстан облысы;
– Қарағанды облысы;
– Қостанай облысы;
– Павлодар облысы;
– Солтүстік Қазақстан облысы.

ҚазАвтоЖол жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайтынын айтады. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.

Бұған дейін, Қазақстандағы ақылы жолдар Қытайдікінен кем еместігін мәлім еткен.

Сондай-ақ оқыңыз