«Қазатомөнеркәсіп» акционерлеріне қомақты дивиденд төлейді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазатомнеркәсіп дивиденд
«Қазатомөнеркәсіп» қанша дивиденд төлейді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Казатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы 2024 жыл үшін акционерлеріне 327,9 млрд теңге көлемінде дивиденд төлейді. Бұл – компания тарихындағы ең ірі төлем.

Бір акцияға шаққанда төлем мөлшері 1264,12 теңгені құрайды. Дивиденд төлеу 2025 жылғы 17 шілдеде басталады, ал акционерлер тізімі 16 шілде күні тіркеледі.

Бұл сома өткен жылғы 314,65 млрд теңге төлеммен салыстырғанда 4,2%-ға көп. Ал дивиденд табыстылыңы 6,6%-ды құрап, 2019 жылдан бергі ең жоғары деңгейдің бірі болды.

Ұсынылған дивиденд мөлшері компания еркін ақша ағынының 75%-ын құрайды.

Дивиденд саясатына өзгеріс енгізілді

Компания акционерлері жылдық жиналыста дивиденд саясатына да өзгеріс енгізді. Енді дивидендтерді есептеу кезінде:

  • Қосалқы және бірлескен кәсіпорындардағы бақылаусыз үлестерге түсетін ақша ағындары;
  • Активтерді сатудан түскен түсімдер мен
  • Басқа инвестициялық кірістер есепке алынбайды.

Бұл өзгерістер 2025 жылдан бастап күшіне енеді және дивиденд нақты акционерлерге тиесілі таза ақшалай кіріске қарай есептеледі.

«Қазатоөнеркәсіп» акционерлері кім?

«Казатомөнеркәсіп» — уран өндірісіндегі әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Ол уран өндіру, сирек кездесетін металдарды өңдеу, сондай-ақ бериллий мен тантал өнімдерін шығару және сату саласында жұмыс істейді. Компания өнімінің 100%-ы экспортқа жіберіледі.

Компанияның 62,99% акциясы — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына, 12,01% — ҚР Қаржы министрлігіне тиесілі. Ал қалған 24.32% акциясы еркін айналымда жүр.

Яғни дивидендтің басым бөлігі -«Самұрық-Қазына» қорына төленеді.

2024 жылы «Қазатомөнеркәсіптің» таза табысы 1,13 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артық.

Сондай-ақ оқыңыз