Министр құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттайтынын айта алмады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
құрылыс материалдары
Құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттайды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қосылған құн салығы көтерілген соң, құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттайды? Үкіме отырысынанн кейінгі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Брифинг барысында журналистер министрден ҚҚС көтерілген соң, құрылыс және әрлеу материалдары қанша пайызға қымбаттауы мүмкін деп сұрады. Бірақ министр сауалға жауап бермей, импорт алмастыру мәселесіне қатысты атқарылып жатқан шаруалар жайын айтып кетті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда құрылыс материалдары нарығының көлемі 4 млрд долларды құрайды. Соның үштен бір бөлігін отандық өнімдер құрайды. Ол цемент, темір-бетон және бетон сынды өнімдер.

Ал ішкі әрлеуге керек материалдардың басым бөлігі шетелден келеді. Нағаспаев бұл салада импорталмастыру жақсы жүзіп жатқанын, 2029 жылға дейін оны 85 пайызға жеткізу көзделіп отырғанына назар аударды. Бірақ құрылыс материалдарының қалай қымбаттауы мүмкін екенін нақты айта алмады.

Журналист сұрағын қайта қойып, нақты айтуын сұрағанда, министр:

«Біз нақты сандарды айта алмаймыз. Нрықтық қатынасты реттеуге министрдің құзіреті жоқ. Баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныстан қалыптасады», – деді.

Қосылған құн салығы 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтерілмек. Мәжілі мақұлдаған құжат Сенат қарауында жатыр.

Бұл көптеген тауарлардың қымбаттауына әкеп соғатыныны үкіметтің өзі де растаған. Құрылыс компаниялары салық жүтемесі артады деп алаңдап, қазірдің өзінде баспананы қымбаттатып жіберген. Бұл туралы Ұлтты банк сауалнамасына қатысқан қаржы ұйымдары айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз