Алаяқтар Telegram-да жаңа әдіс ойлап тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Telegrаm-да алаяқтардың жаңа әдісі пайда болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Cоңғы күндері Telegram мессенджерінде жаңа алаяқтық түрі пайда болды. Kursiv медиаресурсының бас редакторы Мира Халина алаяқтардың клон аккаунт жасап, әріптестеріне сілтеме таратқанын хабарлады.

Бұл — бұзу емес, бұл — клондау

Мира Халина өзінің жеке Telegrаm-аккаунтына ешқандай кіру болмағанын, яғни бұзу фактісі тіркелмегенін айтады. Алаяқтар тек сыртқы келбеті дәл сондай аккаунт жасап, соған ұқсас профиль фотосын, аты-жөнін және пайдаланушы атын қойған. Негізгі айырмашылығы — түпнұсқа аккаунтта телефон нөмірі байланыстырылған, ал клонда — жоқ. Осы арқылы олар таныстарына жеке хабарлама жазып, жалған сілтемеге өтуін сұраған. Бұл сілтеме пайдаланушыны Telegram қосымшасына емес, күмәнді веб-сайтқа апарады.

«Маған ештеңе болмады, аккаунт таза. Бірақ бұл — жаңа алаяқтық формасы. Қырағы болыңыздар», — дейді Мира Халина.

Алаяқтар қалай жұмыс істейді

Белсенді қолданушының атымен клон-аккаунт жасайды. Сол аккаунт арқылы таныстарына немесе әріптестеріне жеке хабарлама жібереді. Хабарламада фейк сілтеме (мысалы, telegrаm.camp/…) ұсынылады. Пайдаланушы сілтемені басқанда, қосымша емес, жалған сайтқа өтеді. Сайт Telegram-ға ұқсас болып көрінуі мүмкін және логин/парольді енгізуді сұрайды — осылайша деректер ұрлану мүмкін.

Telegram аккаунтыңызды қалай қорғауға болады?

1. Қос факторлы аутентификацияны (2FA) қосыңыз: Telegram параметрлеріне кіріп, «Құпиялылық және қауіпсіздік» бөлімінен «Қосымша пароль» орнатыңыз.

2. Құпия сөзіңізді жиі жаңартып отырыңыз: Ескі немесе оңай болжанатын құпия сөздерден аулақ болыңыз.

3. Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз: Telegram-ға ұқсайтын, бірақ .com емес басқа домендерден (мысалы, telegram.camp) сақ болыңыз.

4. Жеке мәліметтерді тексеріңіз: Аккаунтыңызда телефон нөмірі мен қосымша қауіпсіздік шаралары белсенді екеніне көз жеткізіңіз.

5. Күдікті аккаунттарды Telegram-ға хабарлаңыз: «Report Impersonation» ботына скриншоттар мен дәлелдерді жолдап, клон-аккаунтты бұғаттауды сұрауға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтардың қазақша сөйлей бастағаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз