Freedom Bank Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар карта шығарды

Freedom Bank өз клиенттерін ерекше жаңалықпен қуантты — енді банк карталарының дизайнында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі пайда болды. Бұл жаңалықпен әнші өзінің фан кездесуінде бөлісті.
Бұған дейін Freedom Bank әйгілі Наруто, Бэтмен, Джокер, Рики мен Морти сынды жаһандық кейіпкерлер бейнеленген карталар сериясын ұсынған еді. Ал енді кезек өз еліміздің мақтанышына келіп жетті. Жаңа дизайнда Димаштың сахнадағы ән шырқап тұрған сәті бейнеленіп, қолтаңбасы да қойылған. Артқы фонда қазақы өрнектер картаға ұлттық реңк беріп тұр.
Бұл картаның стильден бөлек тағы бір ерекшелігі – мультивалюталық. Яғни, иелері оны шетелде де еркін қолдана алады — доллар, еуро және теңгемен бір карта арқылы төлем жасауға болады. Димаштың жанкүйерлері үшін бұл карта күнделікті қолданатын ерекше символға айналмақ.
Жаңа карта жақын күндері Freedom Bаnk қосымшасы арқылы тапсырыс беруге қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, 26 мамыр күні Алматыда Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен кездесу өтті. Ал бұған дейін Freedom Bank қолдауымен Димаш «Тау ішінде» әніне жаңа бейнебаян түсірген еді.