UFC: Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад кездесуі қашан өтеді

Жарияланды 27 Мамыр 2025 12:44

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад кездесуі қашан өтеді / фото: ашық дереккөз

Аралас жекпе-жек жанкүйерлері асыға күткен жекпе-жектердің бірі — Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы кездесу болмақ. Желіде бұл айқас қазан айында өтеді деген ақпарат тарап үлгерді. Алайда UFC тарапынан бұл туралы ресми мәлімдеме немесе растау әлі берілген жоқ.

Инсайдерлік ақпарат және алғашқы шу

АҚШ-тағы танымал спорт комментаторы Джон Аник өзінің подкастында:

«Белал Мұхаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек қазан айында өтеді!» — деп мәлімдеді.

Бұл жаңалық бірден спорт әлемінде қызу талқыға түсті. Алайда Шавкаттың командасы бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.

Шавкаттың жағдайы мен дайындығы

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (19-0) соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Сол жекпе-жектен кейін жарақатына байланысты уақытша октагоннан тыс қалды. Қазір Шавкат толық жаттығу режиміне біртіндеп оралып жатыр.

Белал Мұхаммадтың соңғы айқасы

Ал Белал Мұхаммад (24-4) жақында ғана UFC чемпионы атағы үшін Джек Делла Маддаленаға (18-2) қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалды. Жеңіліс тапқанына қарамастан Белал әлі де 77 келі салмақ дәрежесінде чемпиондыққа негізгі үміткерлердің бірі.

Чемпиондық белбеу — басты мақсат

Шавкаттың командасы: Жақын арада Белалмен жекпе-жек өтуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Біз чемпиондық белбеуге көз тігіп отырмыз» — деп мәлімдеді.

Демек, олар уақытша немесе рейтингтік кездесулерден гөрі, тікелей чемпиондыққа жол ашатын қарсыласпен кездесуді қалайды.

Рахмонов пен Мұхаммад арасындағы жекпе-жек әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Бұл жұптың жекпе-жегі бұған дейін 2024 жылдың 7 желтоқсанына белгіленіп, өтуі керек болған. Алайда ол кезде Белал жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмады.

Сондай-ақ оқыңыз