Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов 100 қызметкеріне пәтер сыйлады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тұрсынғали Алагөзов 100 қызметкеріне пәтер сыйлады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Кәсіпкер, GALANZ bottlers компаниясының негізін қалаушы Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлеріне күтпеген сый жасады. Алагөзов кәсіпорынның дамуына ерекше үлес қосқан 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстады.

Компания әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын берік ұстанып, еңбекқор әрі адал қызметкерлерін осылайша марапаттауды жөн көрген. Пәтер кілттерін жаңа иелеріне Тұрсынғали Тұрымұлы өзі салтанатты түрде табыстады.

Жаңа баспаналар заманауи үлгідегі тұрғын үй кешендерінен берілді. Қызметкерлердің бір бөлігі жазда, қалғаны күзде жаңа үйлеріне көшеді.

«Құрметті әріптестер, қоныс тойларыңыз құтты болсын! Жаңа шаңырақтарыңызда шаттық пен береке орнасын. Сіздер бұл қуанышқа шын жүректен лайықсыздар!» – делінген компания атынан құттықтауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзовтың жүріп өткен кәсіпкерлік жолы туралы егжей-тегжейлі жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз