Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ жолаушысы жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ жолаушысы қайтыс болды / Фото: коллаж kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Nordwind компаниясының ұшағында жолаушының жағдайы күрт нашарлап, әуе кемесі шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонған. Алайда ұшақ жолаушысы жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Бұл туралы Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

«Nordwind ұшағында ауырып қалған жолаушы қайтыс болды. Ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды. Марқұм Екатеринбургтен келген 42 жастағы Анна С. есімді әйел. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды», – деп хабарлады басылымдар.

Әуе кемесі Екатеринбургтен Сочиге ұшып бара жатқан. Алайда Қазақстан аумағынан өтіп бара жатқанда ұшақ дабыл белгісін беріп, Ақтөбеге шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Бортта 564 жолаушы болғаны айтылады.

Айта кетсек, наурызда Qatar Airways жолаушысы ұшақта қайтыс болған еді. Жолаушылар қайтыс болған адаммен қатар отырып, 4 сағат бойы ұшуға мәжбүр болғанын айтып, компанияның үстінен шағымданған болатын. Ал компания артынша мәлімдеме жасап, экипаждың кәсіби әрекет еткенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз