Бектенов жылу маусымына дұрыс дайындық жүргізбегендерге қатаң шара қолданатынын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Бектенов
Олжас Бектенов жылу нысандарының жөндеу мерзімін кешіктіргендерге шара қолданылатынын ескертті / Фото: Асқар Ахметуллин; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет сағатында әкімдіктердің жылу нысандарын жаңғыртуға қатысты жасап жатқан жұмысы тым баяу екенін айтып, оларға талапты қатайтатынын мәлімдеді.

Талап қатаң

«Жөндеу науқанының белсенді кезеңі енді басталып жатыр, сондықтан алдағы жаз айларында күшейтілген режимде жұмыс істеу қажет. Арқаны кеңге салатын уақыт жоқ. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуға тиіс. Талап қатаң болады», – деді премьер-министр.

Бектенов осы жылы Астана, Көкшетау, Риддер және Қызылорда қалаларында жылу көздері жаңғыртылатынын, оған қажетті 25 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың үкімет резервінен бөлінетінін жеткізді.

Әкімдіктер жұмысы тым баяу

Премьер-министр қазірдің өзінде кейбір өңірлерде жұмыстардың уақыты кешігіп жатқанын хабарлады.

Бектенов мынадай қалаларда жылу нысандарына қатысты мыныдай кемшіліктер бар екенін айтты:

  • Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталмаған;
  • Маңғыстау облысында «МАЭК-тің» 2-ші Жылу орталығындағы турбинаны жөндеу  тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген;
  • Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу 10-шы сәуірден бері басталмаған;
  • Арқалық жылу станциясындағы қазандықта жөндеу жұмыстары кешіктіріліп жатыр;
  • Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы  қазандықтарды жөндеу жұмыстарының қарқыны да тым баяу;.

«Мұндай кемшіліктер  өңірлердің бәрінде дерлік кездеседі және ол тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді. Әкімдіктер министрліктерге сілтеп немесе қаражаттың жоқтығын,  конкурстарды сылтауратып, бұл жұмысты назардан тыс қалдырмасын», – деді Бектенов.

Бектенов тапсырмасы

Премьер-министр әкімдіктерге үш ай уақыт беріп, жаздай жылыту маусымына дайындық жүргізуді тапсырды.

«Басы артық бюрократияға жол беруге болмайды. Биыл іске қосу жоспарланып отырған жаңа жылу нысандары бойынша  барлық жұмыстарды тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет.

Өңір әкімдіктеріне барлық конкурстық рәсімдерді екі апта ішінде аяқтауды міндеттеп, бірден жөндеу жұмыстарына кірісуді тапсырды. Бұл жұмыстарды әкімдік басшылары апт сайын барып тексеріп отыруы керек. Жұмыс барасында қандай да бір тәуекелдер туындаса, өңір басмшылары шұғыл әрекет етуі керек.

Ал Энергетика және Өнеркәсіп министрліктері осы өңір әкімдіктерінің жұмысын қадағадап, олардың 10-шы маусымға дейін жылыту маусымына дайындық жоспарларын нақтылауы тиіс.

«Жөндеу мерзімдерін ауыстыруға  немесе жұмыс көлемін азайтуға жол берілмейді. Әрбір факт бойынша меншік иелеріне,  сол сияқты басқарушы компанияларға қатысты  шаралар қабылданатын болады», – деп ескертті Бектенов.

Сондай-ақ оқыңыз