ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлейді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
ChatGPT салық
ChatGPT елде салық төлейді / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

OpenAI компаниясы Қазақстанда қосылған құн салығын төлейді. Яғни ChatGPT жасанды ителлекті үшін компания салық төлеуге міндеттелген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді», – делінген министрлік хабарламасында.

Енді Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, елдегі жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін аталмыш компания ҚҚС төлейтін болады.

OpenAI туралы

OpenAI жасанды интеллект саласында үлкен жобаларды жүзеге асырған америкалық ұйым. Сондай жобаның бірі ChatGPT жасанды интеллекті. Бұл ЖИ бүгінгі күні әлемнің түкпір-түкпірінде пайдаланылады. Жеке тұлғалар мен ірі компаниялар да осы ЖИ-дің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып келеді.

Шетелдік интернет платфорамлар қанша салық төледі?

Айта кетейік, шетелдік интернет-платформалар 2022 жылдан бастап елде салық төлей бастайды. Оны көпшілік «Google салығы» деп атап кеткен. Қаржы министрлігінің мәліметінше, шетелдік интернет-платформалар соңғы 3 жылдан бері Қазақстан бюджетіне 83 млрд теңгеден астам салық төлеген. Қаражат түрлі шетелдік стримингтік компаниялар мен ірі шетелдік интернет дүкен иелерінен түскен.

Сондай-ақ оқыңыз