Тұрғындардың коммуналдық төлемге артық төлеген 35 млрд теңгесі қайтарыла ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Коммуналдық шығынға төлеген ақшаны қайтарып алуға болады
Сұңғат Есімханов алдвғы бір жылда коммуналдық төлемдер тарифі көтерілмейтінін айтты / Фото: shutterstock

Осы жылы коммуналдық төлемдер бойынша тарифтер көтерілді. Жоғары уадиторлық палата қазақстандықтардың тариф бойынша 35 млрд теңге көлемінде артық төлегенін анықтады. Бұл ақша қайтарыла ма? Бұл сұрақа үкімет сағатынан кейін өткен брифингте Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

«Тарифтердің бағасын табиғи монополиялар реттеу комитеті бақылайды. Біз тек электроэнергияға қатысты тарифтерді ғана бекітеміз. Оның тарифтерінің бағасы жыл сайын өседі. Бірақ біз бағаны жылына бір рет қана көтереміз. Осы жылы біз тарифтерді ақпан айында көтердік. Алдағы бір жыл ішінде көмір бағасы күрт қымбаттап кетпесе, тарифтер көтерілмеуі керек», – деді вице-министр.

Жоғары аудиторлық палата анықтаған 35 млрд теңге қайта есептелуі мүмкін немесе бұл қаражат алдағы уақытта тарифтерді көтерілмеуі үшін реинвестиция ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Айта кетейік, тұрғындар коммуналдық төлемнің өткен жылғымен салытырғанда айтарлықтай өсіп кеткенін айтып, редакцияға шағымданған болатын. Тұрғындарды әсіресе, ыстық су бағасының өсіп кеткені алаңдатқан.

Сондай-ақ оқыңыз