Сара Назарбаева әлі де ем алып жатыр – Ұлттық госпиталь басшысы

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Сара Назарбаева

ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің директоры Асхат Бралов Сара Назарбаеваның әлі де ем алып жатқанын, ал емделушіге қатысты ақпараттың құпия сақталатынын айтты. Бұл туралы мекеме басшысының KursivMedia сауалына берген жауабында жазылған.

Назарбаеваның қазіргі жағдайы қалай?

Браловтың мәліметінше, Сара Назарбаева Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде әлі де ем алып жатыр.

«Барлық медициналық іс-шаралар медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен жүргізіледі», – дейді мекеме басшысы.

Құпия ақпарат

Аурухана директоры емделушінің жай-күйі туралы ақпараттың құпия сақталатынын мәлімдеген.

«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, атап айтқанда, Халық
денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 273-бабының 1 және 2-
тармақтарына сәйкес пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері
мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайтын ақпарат санатына жатады. Мұндай деректерге тек пациенттің келісімімен немесе заңда көзделген тәртіп бойынша қол жеткізуге болады», – делінген жауапта.

Медициналық этика

Сондай-ақ аурухананың ем алушының жеке басына қатысты ақпаратты таратуға құқығы жоқ екенін де ескерткен.

«Медициналық этика және кәсіби жауапкершілік қағидаттарына сәйкес медициналық ұйымдар дербес медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қатаң сақтауға міндетті. Ақпаратты жария етпеу туралы шешім оның жеке өміріне, жеке өмірін құрметтеуге және емдеу процесіне ықтимал араласудан қорғауға заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында пациенттің мүддесі үшін ғана қабылданды», – дейді Бралов.

Еске сала кетсек, мамырдың ортасынан бері БАҚ-та экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның өмірден озғаны туралы ақпарат тарай бастады. Артынша жағдаймен таныс адамдар бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның ауруханада ем алып жатқаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз