«Ауыл аманаты» бағдарламасы қашан іске қосылады?
Жарияланды

Жеңілдікпен несие беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы осы жылдың екінші жартысында басталады. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап ретінде Олжас Бектенов айтты.
«Осы жылға 50 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыруға сәйкес, жеңілдетілген несие беру осы жылдың екінші тоқсанында бастау жоспарланған», – деп жазылған үкімет басшысының жауабында.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы 2023 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2023-2024 жылдар аралығында республикалық бюджетті оны іске асыру үшін 120 млрд теңге бөлінген.
Биылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі бағдарламаға кейбір өзгерістер енгізді. Енді шағын несие мен лизинг 2,5%-бен берілетін болады.