Каспий құбыры арқылы 1 млрд тонна мұнай тасымалдамақшы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Каспий мұнай құбыры арқылы тасымалданатын мұнай көлемі 67 млн тоннадан 81,5 млн тоннаға дейін арттырмақшы. Бұл жайлы премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуде Каспий құбыры консорциумының (КҚК) директоры Николай Горбань мәлімдеді.

Оның ішінде қазақстандық аумақтан өтетін мұнай көлемі 53,7 млн тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін көбейеді. Биыл қазан айында Каспий құбыры арқылы 1 млрд тонна мұнай жөнелту жоспарланған.

Одан бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ мен КҚК әріптестігі аясында Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансасын байланыстыратын жаңа құбыр құрылысы талқыланды.

Каспий құбыры консорциумының отандық мұнай секторы үшін өте маңызды. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы осы мұнай құбыры арқылы шетелге экспортталады

Осы қыста Каспий құбыры консорциумына қарасты «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына шабуыл жасалған еді. Үш айлық үзілістен кейін бекет жұмысын мамыр соңында бастайды деп хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз