Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1,3 млрд теңгеге заңсыз жер сатқан

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Назарбаевтың жері тағы да өтпей қалды
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкері заңсыз түрде 1,3 млрд теңгеге жер телімдерін сатып жіберген. Ол кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, айыпталушы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Жуков пен Жамақаев көшесіндегі жалпы көлемі 7 гектар болатын жер телімдерін 5 жылға уақытша пайдалануға берген. Бірақ іс жүзінде әкімдік тарапынан тиісті қаулылар шығарылмаған.

«Бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған», – деп хабарлайды агенттіктен.

Осыдан кейін Әбдіжапаров  жер телімдерін заңсыз түрде өзінің «Айша Групп» ЖШС-нің атына қайта тіркеген. Кейін оларды үшінші тұлғаларға 1,3 млрд теңгеге сатып жіберген.

Қазір аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарланған.

Осыған дейін Қаржы мониторинг агенттігі «Торедо» құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеген. Компания 2021–2023 жылдар аралығында Алматы облысында ешқандай рұқсат құжатты болмаса да, азаматтардан үлескерлік негізде заңсыз түрде 972 млн теңге жинаған.

Сондай-ақ оқыңыз