Қазақстан Ыстықкөл жағалауына люкс-отельдер салады
Жарияланды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанмен Ыстықкөлдегі пансионаттар бойынша келісімге қол қойды деп хабарлайды 24.kg.
Келісім бойынша, Ыстықкөл жағалауында Қазақстан тарапы люкс нысандар салуы керек. Олар:
- «Қазақстан» шипажайын төрт жұлдызды отельге айналдыру
- «Университет» лагері мен «Самал» демалыс үйін үш жұлдызды отельге айналдыру
- «Олимп» спорт-сауықтыру орталығын жұлдызға байланбаған отельге айналдыру
Бұл нысандар 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейін салынуы қажет. Егер Қазақстан бес жыл ішінде келісімді орындасамаса, шипажайлар Қырғызстан меншігіне өтеді деп жазады қырғыздық БАҚ. Жапаров қол қойған құжат Қазақстанға Ыстықкөл бойындағы тағы 34,2 гектар жерді жалға алып, туристік және мәдени нысандар салуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, осы жаздан бастап Алматы – Тамчы (Ыстықкөл халықаралық әуежайы) бағыты бойынша жаңа рейс ашылды. Рейстер, аптасына екі рет, дүйсенбі және жұма күндері орындалады.