Мұнайлы Қазақстан бензин бағасы арзан отыз ел қатарына кірмейді

Орташа жалақыға қанша литр бензин сатып алуға болатыны туралы рейтингте мұнайлы Қазақстан алғашқы отыз ел қатарына ілікпеді. Республика 1,1 мың литр бензинмен 124 елдің ішінде 36-орында тұр.
Мұндай рейтинг Numbeo дерегіне сүйене отырып дайындалған. Көш басында Ливия, Кувейт және Катар орналасты. Мәселен, Ливияда орташа жалақыға 10 мыңнан астам литр бензин сатып алуға болады. АҚШ төртінші орында тұр. Алғашқы ондықта мұнайға бай араб елдері көп.
ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден (34-орын) кейінгі екінші орында тұр. Рейтингке Беларусь (801,3 литр), Әзербайжан (677,9 литр), Қырғызстан (483,9 литр), Молдова (476,6 литр), Өзбекстан (461,3 литр), Армения (450,3 литр), Украина (341,4 литр) және Тәжікстан (223,8 литр) кірді.
Бензин қымбат, жалақы аз елдер ретінде Сирии (22,1 литр), Куба (28,5 литр) және Кот-д’Ивуар (112,3 литр) аталды.
Әлемдегі ең қымбат бензин Гонконгте сатылады – 3,1 доллар. Ең арзан бензинді Ливия, Египет және Алжирден сатып алуға болады – 0,03 доллар. Қазақстанда бензиннің бір литрі 0,5 доллар тұрады.
Қазақстанда бензин салыстармалы түрде қымбат. Биыл ақпанның аяғында үкімет елде бензин бағасы Ресей деңгейіне дейін көтерілетінін ескертті.
Республика шикі мұнай экспорттайды, бірақ 2025 жылы Ресейден 1,5 млн мұнай өнімін сатып алады.
Биыл сәуірдің аяғында депутаттар Қазақстан ірі көлемде мұнай экспорттайтын ел болса да, жылда жанармай тапшылығына ұрынады деп мәлімдеген. Соған байланысты олар жеке мұнай өңдеу зауыттарын дамытуды ұсынған.