
Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің Алматы қаласында өтетін концертіне билет қанша теңгеден сатылатыны мәлім болды. Бағаны ticketon.kz сервисі жариялады. Билеттер 28 мамырдан бастап сатыла бастайды.
Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңге тұрады. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге.
120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындарды таңдауға болады. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылады.

Дженнифер Лопес концертіне билет 28 мамырда сағат 10.00-ден бастап ticketon.kz сайтында сатыла бастайды. Концерт состоится 2025 жылғы 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
«Қайрат» футбол клубының басшылығы премьер-лигадағы матчын 21 қыркүйекке ауыстырып, стадионды босатып берді. Концери ұйымдастырушы клуб басшылығымен және Алматы қалалық спорт дирекциясымен келісімге келген.
Осының алдында алматылық клуб басшылығы концерт өтетін күні стадион бос болмайтынын мәлімдеген.
Эстрада жұлдызы Дженнифер Лопестің алғашқы концерті Астана қаласында 1 тамызда өтеді. Билеттер 3 сағат 51 минуттың ішінде сатылып кеткен.